ОЛИМПИАДА ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 3308 бекітілген «Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығының аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы шетелде тұратын отандастарды қолдау мақсатында 2004 жылдан бері, аумалы-төкпелі тарихи кезеңдерде атамекенінен амалсыз кетіп, әлемнің қырықтан аса мемлекетіне қоныстанған қандастарымыздың балаларын ата-бабаларының кіндік қаны тамған тарихи Отандарының тыныс-тіршілігімен таныстырып, оның бүгінгі күндегі дамуына қызығушылықтарын арттыруға, сондай-ақ "ата жұрт", "ана тіл" деген қасиетті ұғымдарды саналарына сіңіру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты халықаралық олимпиадасын өткізіп келеді.

Олимпиаданың мақсаты талантты қазақ жастарын анықтау және оларды қолдау, қазақ диаспорасы балаларының қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен шетелде ұлттық тілін сақтау бойынша танымдық қабілеттерін дамыту, әлемнің әр елдерінде тұратын қазақ жастарының достық байланыстарын нығайтуға ықпал ету, қазақ тілін меңгеру мәдениетінің деңгейін көтеру.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
  1. жақын және алыс шет елдерде тұрып жатқан қазақ отандастарымыздың балалары қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгеруіне жағдай жасау;
  2. елжандылық сезімдерін тәрбиелеу, тарихи отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, туған тілі мен әдебиетін терең таныту;
  3. қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін жас ұрпаққа таныту арқылы ұлттық дәстүрлерді және ұлттық тілді сақтау;
  4. қазақ тілі мен әдебиетінен терең білім танытқан ерекше талантты және дарынды жастарды анықтап, еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуларына және болашақта елге оралуларына ықпал ету.

Олимпиадаға жыл сайын әлемнің түрлі елдерінен: Ресейдің Мәскеу қаласынан, Омбы, Астрахан, Самара облыстары мен Таулы Алтай Республикасынан, көршілес Қытай және Монғолия Халық Республикаларынан, түбіміз бір түркітілдес бауырлас Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Түркия Республикаларынан, сондай-ақ Иран Ислам Республикасы мен Еуропадағы Мажарстан, Франция және Германия елдерінен мектеп оқушылары белсенді түрде қатысуда.
OLİMPİADA TURALY
Qazaqstan Respublikasynyñ Tūñğyş Prezidentı, Elbasynyñ 1996 jylğy 31 jeltoqsandağy № 3308 bekıtılgen «Şetelde tūratyn otandastardy qoldaudyñ memlekettık bağdarlamasy turaly» Jarlyğynyñ aiasynda Qazaqstan Respublikasy Bılım jäne ğylym ministrlıgınıñ «Daryn» respublikalyq ğylymi-praktikalyq ortalyğy şetelde tūratyn otandastardy qoldau maqsatynda 2004 jyldan berı, aumaly-tökpelı tarihi kezeñderde atamekenınen amalsyz ketıp, älemnıñ qyryqtan asa memleketıne qonystanğan qandastarymyzdyñ balalaryn ata-babalarynyñ kındık qany tamğan tarihi Otandarynyñ tynys-tırşılıgımen tanystyryp, onyñ bügıngı kündegı damuyna qyzyğuşylyqtaryn arttyruğa, sondai-aq "ata jūrt", "ana tıl" degen qasiettı ūğymdardy sanalaryna sıñıru maqsatynda qazaq tılı men ädebietı pänınen «Qazaqstan – ata jūrtym, qasietım – ana tılım» atty halyqaralyq olimpiadasyn ötkızıp keledı.

Olimpiadanyñ maqsaty talantty qazaq jastaryn anyqtau jäne olardy qoldau, qazaq diasporasy balalarynyñ qazaq ädebietı, Qazaqstan tarihy, mädenietı men şetelde ūlttyq tılın saqtau boiynşa tanymdyq qabıletterın damytu, älemnıñ är elderınde tūratyn qazaq jastarynyñ dostyq bailanystaryn nyğaituğa yqpal etu, qazaq tılın meñgeru mädenietınıñ deñgeiın köteru.

Olimpiadanyñ maqsattary men mındetterı:
  1. jaqyn jäne alys şet elderde tūryp jatqan qazaq otandastarymyzdyñ balalary qazaq tılı men ädebietın tereñ meñgeruıne jağdai jasau;
  2. eljandylyq sezımderın tärbieleu, tarihi otanyna degen süiıspenşılıkterın arttyru, tuğan tılı men ädebietın tereñ tanytu;
  3. qazaq ädebietın, tarihyn, mädenietın jas ūrpaqqa tanytu arqyly ūlttyq dästürlerdı jäne ūlttyq tıldı saqtau;
  4. qazaq tılı men ädebietınen tereñ bılım tanytqan erekşe talantty jäne daryndy jastardy anyqtap, elımızdegı joğary oqu oryndarynda bılım alularyna jäne bolaşaqta elge oralularyna yqpal etu.

Olimpiadağa jyl saiyn älemnıñ türlı elderınen: Reseidıñ Mäskeu qalasynan, Omby, Astrahan, Samara oblystary men Tauly Altai Respublikasynan, körşıles Qytai jäne Monğolia Halyq Respublikalarynan, tübımız bır türkıtıldes bauyrlas Qyrğyzstan, Özbekstan, Türkımenstan jäne Türkia Respublikalarynan, sondai-aq İran İslam Respublikasy men Europadağy Majarstan, Fransia jäne Germania elderınen mektep oquşylary belsendı türde qatysuda.
ОБ ОЛИМПИАДЕ
В целях реализации Указа Первого Президента Республики Казахстан от 31 декабря 1996 г. №3308 «О государственной программе поддержки соотечественников, проживающих за рубежом», а также выявления и оказания поддержки особо одаренным детям Республиканский научно-практический центр «Дарын» Министерства образования и науки Республики Казахстан с 2004 г. проводит Международную олимпиаду по казахскому языку и литературе «Қазақстан – ата жұртым, қ асиетім – ана тілім» для детей казахской дипспоры, проживающих в ближнем и дальнем зарубежье.

Основные цели олимпиады: выявление и поддержка талантливой молодежи, среди детей казахской диаспоры; развитие их познавательных интересов по казахской литературе, истории, культуре казахского народа; содействие укреплению дружественных связей казахской молодежи, проживающих в разных странах мира; повышение уровня культуры владения казахским языком среди представителей казахской диаспоры.

Основные цели и задачи олимпиады:
  1. создание условий для углубленного изучения казахского языка и литературы детьми казахской диаспоры, проживающей в ближнем и дальнем зарубежье;
  2. воспитание чувства патриотизма, любви к исторической родине, углубленное познание родного языка и литературы;
  3. воспитание чувства патриотизма, любви к исторической родине, углубленное познание родного языка и литературы;
  4. выявление и поддержка особо талантливой и одаренной молодежи, проявивших глубокое знание казахского языка и литературы, оказание им возможностей для получения высшего образования в Республике Казахстан и дальнейшее содействие в их возвращении на историческую родину.

Ежегодно в Олимпиаде принимают участие школьники из следующих стран мира: из г.Москвы, Омской, Астраханской, Самарской областей и Республики Алтай Российской Федерации, из соседних Китая и Монголии, Кыргызстана, Узбекистана, Туркменистана, из стран Ближнего Востока Турецкой Республики и Исламской Республики Иран. Помимо этого, также принимают участие дети казахской диаспоры из ряда Европейских государств, таких как Венгрия, Франция и Германия.